Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық полицейлерге бір айлық жалақы көлемінде сыйақы табысталады - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық полицейлерге бір айлық жалақы көлемінде сыйақы табысталады - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда карантин режимінің сақталуына ат салысып жүрген әскери қызметкерлер бір айлық жалақы мөлшерінде сыйақы алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде 52 адамға сыйақы тағайындалатынын айтып кетті. Сөзінше, полицейлер мен әскери қызметкерлер басын қатерге тігіп, карантин режимінде күні-түні қызмет атқарып келеді. Мысал ретінде министр өзіне қол салмақшы болған бойжеткендерді құтқарып қалған тәртіп сақшыларын келтірді.  "Өрт кезінде ерлігі үшін" және "Қоғамдық тәртіпті сақтауда көзге түскені үшін" 47 қызметкер марапатталыпты. 

“Ел басшылығы мен әлеуметтік желілердегі үндеулерде өз жұмысын мінсіз орындап, кәсіби қызмет еткендерге үлкен алғыс айтамыз. Осының барлығы халық пен ішкі істер органдарының жеке құрамы арасында құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады. Бүгін сіздерді марапаттай отырып, төтенше жағдай кезінде көрсеткен қайсарлық пен батырлықтарыңызды атап өткім келеді. Өздерінің қызметтік және азаматтық борышын адал орындаған барлық қызметкерлер алғыс пен марапаттауға лайық. Және бізге басты бағаны тұрғындар береді”, - деді Ерлан Тұрғымбаев.
 


stan.kz
Автор
Данияр