Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азиа ойындарының финалына жолдама алды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азиа ойындарының финалына жолдама алды

Дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Спортшы жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Бұған дейін Әбиба алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея спортшысын ұтқан.

Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күреседі.

Сонымен қатар 24 қырүйекте Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медальға таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.

Ал Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан дзюдошысын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысына есе жіберді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары