ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық әйел Түркияда өзін зорлап, тонап кеткенін мәлімдеді

Қазақстандық әйел Түркияда өзін зорлап, тонап кеткенін мәлімдеді
фото: ашық дереккөз

Түркияның Аланья қаласында демалып жүрген қазақстандық өзіне жыныстық зорлыққа ұшырап, тоналғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

DHA ақпарат агенттігінің алдын ала мәліметінше, 16 шілдеге қараған түні әйел күдіктімен танысып, кейін екеуі бірге қонақүйге барған. Біраз уақыттан соң ер адам қонақүйден шығып кеткен. Осыдан кейін қазақстандық әйел жедел қызметке хабарласып, жаңа танысының өзіне жыныстық зорлық көрсетіп, ұялы телефонын тартып алғанын айтқан.

Аланья қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әйелдің арызынан кейін заң бұзды деген күдікпен Сирияның 24 жастағы азаматын ұстады. Ол аудармашының қатысуымен жауап беріп, кейін сотқа жеткізілді. Сот оны тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.