Әлеуметтік сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың 95,2 пайызы өмірге риза
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда 18 жасар қазақстандық бойжеткен қаза тапты

Түркияда 18 жасар қазақстандық бойжеткен қаза тапты
Фото: РИА новости/Павел Лисицын

Түркияда өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген қазақстандық бойжеткеннің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның жақындарының айтуынша, қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қазақстандық студент Анталиядағы қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеп жүрген. Сол түні оның іші қатты ауырып, танысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апатына ұшырап, бойжеткен көз жұмған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізу жұмыстарына қолдау көрсетілген.

Сондай-ақ ведомство қазақстандық азаматшаның қаза болуына қатысты істің мән-жайы Бас консулдықтың тұрақты бақылауында екенін хабарлады. Қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен бірлесіп барлық жағдайды анықтау бағытында жұмыс жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.