Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда қазақстандық азаматты көшеде басынан атып кеткен

Түркияда қазақстандық азаматты көшеде басынан атып кеткен
Фото: freepik.com

Түркия мемлекетінің Стамбұл қаласында Қазақстан азаматы белгісіз біреудің қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 31 наурыз күні болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Түрік БАҚ мәліметінше, күдікті ер адам көшеде жәбірленушіге жақындап, басынан атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Қаза тапқан азамат жеке компанияда курьер болып жұмыс істеген.

Полиция жедел әрекет етіп, екі күдіктіні анықтап, оларды елден кетпек болған кезде Эдирне қаласында қолға түсірді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл деректі растады. Ал Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.