Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы жаңа рақымшылық: бірінші кезекте кімдердің айыппұлы кешіріледі

Қазақстандағы жаңа рақымшылық: бірінші кезекте кімдердің айыппұлы кешіріледі
Фото: freepik.com

Парламент палатарының бірлескен отырысы кулуарындa сенатор Марат Қожаев қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын жариялаған әкімшілік рақымшылықты талқыланып, бұл процеске әкімшілік әділеттің шамамен 70 субъектісі қатысып жатқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Марат Қожаевтың айтуынша, талқыланып жатқан түзетулердің бірі азаматтардың жекелеген санаттары үшін айыппұлдарды жеңілдету.

«Ең алдымен әлеуметтік осал топтарды -  ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды, көпбалалы отбасыларды және басқа да санаттарды рқымшылыққа енгізу  ұсынылуда. Егер бұл адамдарға қауіп төндірмесе, айыппұлдар әкімшілік әділеттің көптеген бағыттары бойынша кешірілуі мүмкін», - деді ол.

Сонымен қатар, ол әкімшілік рақымшылық бюджетке түсетін түсімдерге әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Алайда, Марат Қожаевтың айтуынша, айыппұлдардың негізгі мақсаты қазынаны толтыру емес.

«Бұл бюджет түсімдеріне әсер етеді деген алаңдаушылық бар. Бірақ айыппұлдардың мақсаты ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ал бюджет толтыру емес», - деді Қожаев.

Еске сала кетейік, жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға өзгерістер енгізілетінін және жаңа рақымшылық жүргізілуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі