KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстандағы уақыт белдеуінің әсерін 100 миллион теңгемен арнайы зерттемек

KZNEWS

Мемлекет уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін білу үшңн арнайы зерттеу жүргізбек. Бұл 90-100 миллион теңгені құрайды, деп хабарлады ғылым министрлігі.

"Өтінім үш жылдық бюджетке 160 миллион теңгеге келді, бірақ іс жүзінде бұл сомадан аз болады деп ойлаймын. 90-100 миллион", - дейді министр Саясат Нұрбек.

Журналистер зерттеудің қалай өтетінін сұрады.
"Мен алгоритмді егжей-тегжейлі білмеймін. Бірнеше институт қатысады. Мүмкін, сауалнама әдісі емес, нақты зерттеулер жүргізілетін болады", - деді ол.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары