Спорт

Қазақстандағы ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

Қазақстандағы ең қымбат футболшының есімі белгілі болды
Фото: ҚФФ

Алматылық "Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев беделді Transfermarkt порталының жаңа есебі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының ең қымбат футболшысы атанды, деп хабарлайды kznews.kz.

Футболшылар мен клубтардың нарықтық құнын бағалайтын халықаралық сайттың мәліметінше, 17 жастағы Сәтпаевтың трансферлік құны – 3 миллион еуро. Бұл көрсеткіш оны тек ел құрамасы сапында ғана емес, бүкіл Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншы мәртебесіне шығарды.

Transfermarkt сарапшыларының айтуынша, жас ойыншының құны соңғы айларда айтарлықтай өскен. Себебі ол маусым барысында "Қайраттың" негізгі құрамында тұрақты ойнап, бірнеше маңызды матчта шешуші голдар соққан. Сондай-ақ Сәтпаевтың Англияның "Челси" клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырғаны да оның нарықтық бағасын арттырған.

Айта кетсек, футболшы "Қайрат" жүйесінде тәрбиеленіп, кәсіби мансабын 2024 жылы "Қайрат-Жастар" сапында бастаған. 2025 жылдың басында "Челси" оны 4,3 миллион еуроға сатып алғанымен, ол ағылшын клубының құрамына 2026 жылдан бастап қосылмақ.

Мамандар Сәтпаевты Қазақстан футболының ең үлкен үміті деп бағалап отыр. Спорт сарапшыларының пікірінше, егер ол қазіргі даму қарқынын сақтаса, жақын жылдары Еуропаның топ-клубтарында ойнауы әбден мүмкін.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz