НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде - Sputnik. Қазақстанда жеке мәліметтерді қорғау агенттігі құрылады. Бұл туралы үкіметте өткен брифинг барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кибер қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Ал азаматтардың мәліметтерін қорғау – мемлекеттің міндеті.