KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қазақстанда жарты жыл ішінде қанша адам көз жұмды

• Айбар

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жарты жылда көз жұмған қазақстандықтардың санын жария етті.


2020 жылдың алты айында 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін: 2019 жылдың бірінші жартысында 66 613 өлім тіркелді.

Жарты жыл ішіндегі өлімнің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелді - 6859 адам. Бүл аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңінде де бірінші орында болды - 7158. Елдегі өлім саны бойынша екінші орында Алматы тұр - 6771, одан кейін Қарағанды ​​облысы - 6475.

Алты айдағы өлімнің ең аз саны Маңғыстау облысында тіркелді - 1531 адам.

Статистика комитеті сонымен бірге осы кезеңдегі қазақстандықтардың көз жұму себептері туралы мәліметтерді ұсынды:


Қостанай облысында тұмаудан, ЖРЗ және пневмониядан болған өлім-жітімнің көп саны тіркелді - 277, 2019 жылдың жарты жылдығында бұл аймақта 364 жағдай тіркелді. Одан кейін Шығыс Қазақстан - 222, Қарағанды облысы - 210.

Асқорыту органдарының ауруларынан жарты жыл ішінде елде 5563 адам, жұқпалы және паразиттік аурулардан - 768 адам көз жұмды.

Өлім-жітімнің жалпы санында адам өлтіру, суицид және жол-көлік оқиғалары тіркелген.

stan.kz

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →