Шоу-бизнес

Қазақстанда жаңа 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты (фото)

KZNEWS KZNEWS
Қазақстанда жаңа 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты (фото)

Қазақстанда жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Қазақстан ұлттық банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.
“Бұл – "Сақ стилі" жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген”, – делінген ұлттық банк хабарламасында.

[caption id="attachment_240459" align="alignnone" width="752"]
Nationalbank.kz[/caption]


Сонымен қатар, ұлттық банк ескі 5 000 теңгелік банкноталардың айналымнан алынатынын атап өтті.

“Номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноталар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енеді және жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноталарымен ауыстырылады”, – делінген хабарламада.

фото: Vecher.kz/Нурбосын Орысулы

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz