Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халық кеңесі деген жаңа орган құрылып, Конституцияның тең жартысынан астамы өзгеріске ұшырайды

Халық кеңесі деген жаңа орган құрылып, Конституцияның тең жартысынан астамы өзгеріске ұшырайды
Фото: Ақорда

Мәжіліс депутаттары Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат Ерболат Саурықов Президент ұсынған вице-президент лауазымын кадрлық резерв деп атады.

"Вице-президент лауазымы дайын отыратын кадрлық резерв деп түсіну керек. Ертең Президенттың орнын басатын, ол алыс-жақын мемлекеттерде іссапарларда жүргенде жарлықтарға қол қоятын лауазымды тұлға болуы керек.  Сол үшін осы жүйе енгізіліп отыр деп есептеймін. Бұл дұрыс шешім», - халық қалаулысы.

Депутат Мұрат Әбенов Қазақстанда пайда болатын Халық кеңесі деген жаңа орган көпшілікті біріктіретін тиімді құрал екенін айтты.

"5 жылда құрылтай өзін дәлелдеп, халықтың сеніміне ие болды. Сондықтан парламентке шетелдің емес, қазақтың "Құрылтай" деген сөзі беріледі. Мәселен, парламент алдағы 10-15 жылға заң қабылдаса, Құрылтай алдағы 50-100 жылға ойланады, шешім қабылдайды", - деді Әбенов.

Депутаттың айтуынша, алдағы уақытта Халық кеңесі күшейіп, Ассамблея оның мүшесі болады.

«Ассамблея өз міндетін орындады. Қазір ол қандай жұмыс атқарып жатыр деген сұрақ туындайды. Үй ішінен үй тігіп, бөлектенеді деген пікір бар. Енді бәрін бір ортаға отырғызады. Қоғам белсенділері, депутаттар, Ассамблея және Халық кеңесі өкілдері бірлесіп орта құрады. Ортақ  кеңес болады.Менің ойымша керемет шешім. Сонда қоғамда күдік болмайды.

Халық кеңесіне заңға бастамашылық жасау құүқығы берілді. Ол да дұрыс. Елді біріктіруге жақсы құрал болады. Қазір қоғам өсті. Этностардың саны өсті, талап күшейді. Сол себепті жаңа форматта бәрі бірігетін болады. Енді Халық кеңесінің ықпалы кұшейіп, Ассамблея оның мүшесі болады», - дейді депутат.

Тоқаевтың ұсынысымен жақында Конституциялық кеңес құрылып, сарапшылар бұл ұсыныстар негізінде Қазақстан Конституциясына енгізілетін нақты өзгерістерді әзірлейді. Бұдан соң Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша референдум жарияланады. Президент бұл іс жүзінде жаңа Конституция қабылдаумен барабар деп мәлімдеді.

Депутат Ермұрат Бапи Конституцияның тең жартысынан астамы өзгеріске ұшырайтынын айтты.

«Президент құрылтайда жаңа Конституция енгізілетінін айтты. Жақында Конституциялық кеңес құрылады. Демек, Конституцияның тең жартысынан астамы өзгеріске ұшырайды деген сөз»,  - дейді депутат.

 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі