Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ҰБТ басталды: Тоқаев тапсырма берді

Қазақстанда ҰБТ басталды: Тоқаев тапсырма берді

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы ҰБТ тапсырып жатқан түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды қолға алуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға ұлттық бірыңғай тестілеуді заңға сәйкес өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Түлектерге сәттілік тілеймін!",- деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер республика бойынша 169 пунктіде ҰБТ тапсырады. Бірінші күні 13 мың талапкер емтихан тапсырып жатыр. 

2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242 адам. Оның ішінде биыл бітірген 96 380 түлек бар. 20 862 адам - былтыр бітіргендер және колледж түлектері. ҰБТ 30 маусымға дейін созылады. 


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан