Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда туристерді қорғайтын полиция құрылды

Қазақстанда туристерді қорғайтын полиция құрылды

19 сәуірде Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтанда өткен министрліктің кеңейтілген отырысында елде туристік полиция құрылғанын мәлімдеді. Олар Қазақстанға келген туриске қажетті ақпарат береді және оның қауіпсіздігін бақылайды.

Министрлік дерегі бойынша, туристік полиция бөлімдері Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс-Қазақстан облыстарында ашылған.

Туристік полиция қызметкері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін, ел тарихын білуі тиіс және адаммен оңай тіл табысып, кез келген жағдайда жедел шешім қабылдай алуы керек. Министрлік әзірге туристерді қорғауы тиіс полицейлердің саны қанша екенін айтпады.

Туристерге арналған арнайы полиция Орталық Азия елдері арасында алғаш рет Өзбекстанда 2017 жылы құрылған. Ал Тәжікстанда мұндай бөлім 2018 жылы 29 маусымда "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы шетелдік саяхатшыларды өлтірген соң ашылған. Қырғызстанда туристерді қорғайтын милиция бөлімі 2018 жылдың соңынан бері бар.


Azattyq
Автор
Жандос

Журналист