Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Елде коронавирус расталғандар саны 1331 адамға жетіп отыр. Індеттен 240 науқас жазылып, ауруханадан шықты
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 36 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады шұғыл штаб.
"Қызылорда облысында - 4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы қаласында - 13 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Қарағанды облысында - 2 адамда коронавирус расталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытқа дейін елде 1331 адамда Covid-19 анықталды. 240 адам жазылып шықты, 16 адам қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: Қарттар үйіне коронавирусты кім "кіргізгені" белгілі болды
sputniknews.kz