KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты

Айбар

Барлығы елде 220 адам коронавирустан жазылып шықты. Қазіргі уақытқа дейін 1275 адамда COVID-19 расталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір - Sputnik. Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Нұр-Сұлтан қаласында - 8,Ақмола облысында - 4, Алматы облысында - 1 адам індеттен айықты", - деп жазылған хабарламада.

Барлығы елде 220 адам коронавирустан жазылып шықты. 1275 адамда COVID-19 расталған болатын. 15 адам көз жұмды.  

Бүгні, 15 сәуір күні Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған он бесінші адам туралы ақпарат таратты.

12 сәуірде Жітіқара қаласының екі тұрғыны – 1945 жылғы ер адам мен 1955 жылғы әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жетізілген. Екеуінің де дене қызуы мен демікпесі болған.

Пациенттер аурудың алғашқы белгілерін 5 сәуірде байқаған. Екеуі де коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жітіқара қаласынан шықпаған. Алайда, сынама кезінде екеуінен де коронавирус табылды.


sputniknews.kz
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →