«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда саяси партияларды құру жеңілдетілмек - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда саяси партияларды құру жеңілдетілмек - Қазақстан жаңалықтары

ҚР әділет министрі Марат Бекетаев елімізде саяси партияларды құру жеңілдетілетіні жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Саяси партиялар туралы» заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасымен саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету ұсынылады. Бұл ұсыныс саяси партияларды құру тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсерін тигізеді», - деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ министр Парламентте жастар мен әйелдердің үлесін арттыру қарастырылып жатқандығын жеткізді. 

«Ұсынылып отырған заң жобалар әр түрлі алаңдарда мақсатты топтармен қаралды. Атап айтқанда, заң жобалар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жекелеген мүшелерімен, жастармен және саяси партиялардың өкілдерімен кеңінен талқыланды. Жалпы, осы заңнамалық бастамалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпалын тигізетін болады», - деді министр.


stan.kz
Автор
Айбар