Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу заңдастырылады

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу заңдастырылады

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар «Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Депутат Жәмила Нұрманбетованың айтуынша, аталған заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған.

«Бүгінде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті», - деді ол.

Заң жобасы қашықтықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді қарастырады.
«Жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкердің, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерді енгізу ұсынылады. Жалпы, заң жобасының қабылдануымен оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар күтілуде», - деп түсіндірді Нұрманбетова.

Депутат Мәжілістің бейінді комитеті заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтты.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Автор
Данияр