“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі

Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға жиналатын қаражаттың шекті мөлшерін белгілеуі мүмкін. Бұл туралы Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер министрден мектеп бітіру кештерін өткізуге және оған ақша жинауға қойылған шектеулер туралы сұрады. Олар тыйымға қарамастан түлектердің әлі де қаражат жинап жатқанын айтып, толық тыйым салғаннан гөрі белгілі бір лимит енгізу дұрыс емес пе деген сұрақ қойды.

Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін мұндай шектеулер болмағанын еске салды.

«Биыл біз алғаш рет мектептен тыс жерде бітіру кештерін өткізуге және ақша жинауға тыйым енгіздік. Мұндай бұйрық қоғам сұранысына байланысты қабылданды. Қазір өңірлерде бітіру кештеріне байланысты рейдтер жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар аясында келесі жылы өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруға болады», – деді министр.

Қазақстанда оқушылар мен олардың ата-аналарынан мектеп бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салынды. Бұған Алматы қаласындағы жағдай себеп болған. Ата-аналар Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия түлектерінен мектеп бітіру кешіне әр оқушыдан 200 мың теңгеден жиналып жатқанын айтып шағымданған.

Тексеру нәтижесінде білім басқармасы бастама бейресми чаттардағы ата-аналар тобы тарапынан шыққанын хабарлады. Соған қарамастан, гимназия директоры бақылауды тиісті деңгейде жүргізбегені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал аудандық білім бөлімінің басшысы профилактикалық жұмыстағы олқылықтары үшін жаза алды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі