Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мектеп мұғалімдерге қысым көрсетеді: Тоқаев Қазақстан мектептеріндегі мәселелер туралы айтты

Мектеп мұғалімдерге қысым көрсетеді: Тоқаев Қазақстан мектептеріндегі мәселелер туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Президент оқу-ағарту саласындағы реформалар мұғалімдердің жұмысын жеңілдетудің орнына, цифрлық есептілікті көбейтіп отырғанын сынға алды.

Мемлекет басшысы оқу-ағарту саласындағы реформалар мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге бағытталуы керек екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz

"Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр. Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр", – деді президент.

Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу дейді мемлекет басшысы.

"Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек. Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес. Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл дұрыс емес. Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты жіті назарда ұстауы қажет", – деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мұғалімдер енді кешкі алтыдан кейін ата-аналардың хабарламасына жауап бермеуге рұқсат етілген болатын. Оқу-ағарту министрі ұстаздардың жеке уақытына құрметпен қарауға шақырды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.