KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 100-ден асты - Қазақстан жаңалықтары

Айбар

Қазақстанда 10 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Атырау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 110-ға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 43, Алматы қаласы – 49, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 1, Атырау облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1 науқас коронавирустан толығымен жазылып шықты

Еске салайық бұған дейін, Қазақстанда коронавирустан қаза болғандардың саны он бір болғаны айтылған еді. 


stan.kz
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →