KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда коронавирус пен өзге аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы бөлек жүргізілетін болды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітімнің жеке статистикасы жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

"Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді. Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады", -делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, соңғы ақпарат бойынша елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны 3138 адам болып тұр.


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →