Бүгін, 3 тамыздан бастап елімізде қатаң карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Еліміздегі шектеу шаралары 17 тамызға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 29 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізген болатын.
Кеңес барысында президент мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.