KZNews.kz
Қоғам

Қазақстанда бес баллдық жер сілкінісі болды

KZNEWS

28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Ол бірнеше аймақта сезіліпті:

Қирандылар, дүмпуден зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық қалыпты жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және видеоконференция өтті.

“Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылап жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет ету үшін дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан бар. Мамандар оларды тексерді, қауіп жоқ”, – деп толықтырды ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік бойынша Қытаймен ынтымақтастық орнатқаны туралы хабарлаған едік. Енді зілзала туралы алдын-ала ақпарат беретін станциялар саны көбейіп, қытайлық мамандар тәжірибесін бөліседі.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары