KZNEWS.KZ
Қаржы

Қазақстанда бензин жазда қаншалықты қымбаттайды: министр жауап берді

• Жарқын Омаров
Фото: Depositphotos.сom

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында жаз мезгілінде бензин бағасы өсе ме және Қазақстанда жанармай бірден 100 теңгеге қымбаттауы мүмкін бе деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, жазда бензин бағасының күрт өсуі күтілмейді және бағаның бірден 100 теңгеге көтерілуіне негіз жоқ.

Ол жанармай нарығы қазіргі уақытта тұрақты екенін, сұраныс пен қор көлемі жеткілікті екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Дегенмен, ол баға толықтай нарықтық факторларға тәуелді болғандықтан, аздаған өзгерістер болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

«Менің білуімше, бензин 3-4 теңгеге өскен», – деді Ақкенженов Мәжіліс кулуарында.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →