Министрдің айтуынша, ай сайынғы еңбекақысы 1,2 миллион теңгені құрайды. Ал коммуналдық қызметтерді төлеуге орта есеппен 75 мың теңге жұмсайды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайынғы жалақысы мен тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсайтын қаражаты туралы айтты. Бұл жөнінде ол 10 қарашада Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Есеп бойынша, коммуналдық шығындар министр жалақысының шамамен 6,25 пайызына тең. Осы төлемдерді шегергенде, айлық табысынан 1 миллион 125 мың теңге қалады.