Шоу-бизнес

Қазақстанда ашық қалған кәріз құдығы үшін әкімдерді жазалау ұсынылды

KZNEWS KZNEWS
Қазақстанда ашық қалған кәріз құдығы үшін әкімдерді жазалау ұсынылды

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ашық люктер үшін бұдан былай шенеуніктерді жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, екі апта ішінде Қызылорда және Түркістан облыстарында кәріз құдығына түсіп қаза болған екі баланың өлімі тіркелді. Екі жағдайда да люктер әкімдіктерге тиесілі болған.

«Инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген және балалардың өліміне әкеп соқтырған абайсыздыққа жол берген кінәлі лауазымды тұлғаларды тексеріп, жауапкершілікке тарту қажет деп санаймын. Сонымен қатар аталған мәселелерге жауапты жергілікті атқарушы органдардың басшыларын да, аудан әкімдері жауапқа тарту қажет деген ойдамын», - деп жазды балалар омбудсмені желідегі парақшасында.

Ол тиісті өтініш уәкілетті органдарға жолданатынын мәлімдеді.

«Тамызда біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, атап айтқанда, ашық люктерге қатысты мәселе көтерген едік, вице-премьер тиісті тапсырмалар берді, волонтерлермен бірге барлық өңірде рейдтер ұйымдастырылды @jastar_ruhy», - деп атап өтті Зәкиева.

фото: mobillegends.net

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz