KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда әр балаға 11 мың теңгеден берілетіні рас па? Министрлік жауап берді

Бауыржан

 

Қазақстанда желіде әр балаға 11 мың теңгеден берілетіні туралы ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер ақпаратқа қатысты жауап беріп, жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«1 қазаннан бастап отбасының кірісі мен бала санына қарамастан, әр балаға 11 мың теңгеден жәрдемақы беріледі. АӘК-ні алып тастады. Ендігі 11 мың теңгеден беріледі», - делінеді мессенджерлерде тараған аудиохабарламада.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер аталған ақпаратты жоққа шығарды.

«Елімізде мессенджерлерде биылғы жылдың 1 қазанынан бастап отбасының кірісіне қарамастан, әр балаға 11 мың теңгеден төлемдер енгізілгені туралы ақпарат жалған болып табылады», - дейді министрліктегілер.

Сондай-ақ, министрліктегілер мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің көлемін еске салды:


Сонымен қатар жұмыс істейтін әйелдерге босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

stan.kz

Бауыржан
Автордың басқа материалдары