Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді

Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді

Үкімет өз қаулысымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу орнын ресми түрде бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қазақстанда атом станциясын салу орнын бекіту туралы үкімет қаулысы ресми нормативтік актілер базасында жарияланды.

"Ядролық қондырғы – "Атом электр станциясы" құрылысын жүргізу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленсін", – делінген құжатта.

Премьер-министр Олжас Бектенов 30 желтоқсанда құжатқа қол қойған. Дегенмен бұйрық 25 ақпанда жарияланған күні күшіне енді.

Айта кетейік, 8 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстанда атом электр станциясын салуды тездетуді ұсынған еді.




Еске салайық, бұған дейін энергетика министрлігі еліміздегі АЭС құрылысы шетелдік несиелер есебінен салынатынын жеткізді. Айтуынша, АЭС салуға Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы ақша жұмсалмайды. Ведомство жеткізушілерге АЭС салу жобасын қаржыландырудың түрлі нұсқаларын ұсынатынын айтты. Яғни экспорттық несие мен халықаралық қаржы институттарын қаржыландыруды тартатынын атап өтті. Сонымен қатар атом электр станцияларын салу жобасын қаржыландырудың әртүрлі нұсқалары ұсынылмақ.

Автор
Данияр