Ақтөбе әкімдігіндегі өрттің шығу себебі айтылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда алдағы үш күнде 5 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда алдағы үш күнде 5 градусқа дейін аяз болады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК 9-11 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады.

9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі.

Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін,
күндіз 10–23 градустан 7–15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі