"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда 820 медицина қызметкерінде коронавирус расталды

Қазақстанда 820 медицина қызметкерінде коронавирус расталды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 30%-і – медицина қызметкері. Негізгі бөлігі – орта және кіші медицина қызметкері

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 820 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 30%-і – медицина қызметкері. Негізгі бөлігі – орта және кіші медицина қызметкері. Жұқпалы аурулар стационарларында дәрігерлердің ауру жұқтыру көрсеткіші аз. Бұл дәрігерлердің жеке қорғаныс құралдарын киюімен және аурухана инфрақұрылымының тиісті аймақтарға бөлінгенімен байланысты",- деді Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасы таза және лас аймақ болып бөлінген. Алайда көпбейінді ауруханаларды бөлу қиынға соғады.

"Әлемдегі жағдайға назар салар болсақ ,барлық елде науқастардың қандай да бір бөлігі – медицина қызметкерлері. Олардың арасында инфекция жұқтырғандарды анықтау үшін белсенді түрде скрининг жүргізіледі", - деді ол.

Айта кетейік, 27 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 2791 адамнан коронавирус табылды, 25 адам аурудан қайтыс болды. 696 адам жазылды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр