Sputnik Қазақстан 17 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 18-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз
Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап елде көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
НҰР-СҰЛТАН
18.00 (БОЛМАЙДЫ) – "Созвучие весенних струн" концерті ("Астана Опера" театры).
АЛМАТЫ
10.00 (БОЛМАЙДЫ) – "Сentral Asia Fashion" көрмесі (Атакент, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс: +7727 3527074).
АЛМАТЫ
10.00 - "Көлік саласында шешім қабылдау. Алматы және өзге қалалар тәжірибесі" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты (Қазақстандық баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 (747) 262 20 63)
19 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 (БОЛМАЙДЫ) - Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған "Шәмші әлемі" концерт-қойылымы. Жоба авторы - композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).
21 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
18.00 (БОЛМАЙДЫ) – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).
22 наурызға жоспарланған шаралар
14.00 (БОЛМАЙДЫ) – Гик-мәдениетке арналған Geek Time Fest 2020 фестивалі (Grand Park ойын-сауық кешені, Қабдолов көшесі, 1).
25 наурызға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
18.00 (БОЛМАЙДЫ)- Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші ("Алатау" концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).
29 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 (БОЛМАЙДЫ) - "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің "Әз-Наурыз келгенде" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz