Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті

Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған азамат Сабыржан Махметов дүниеден озды. Бұл жөнінде белгілі жазушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.
Танымал бапкер және спортшы 67 жасында бақиға аттанды. Қазақстандық жанкүйерлер оны Қазақстан кикбоксингінің аңызы, жекпе-жек спортындағы тәжірибелі маман ретінде жақсы таниды. Елімізде ол спорттың осы түрін дамытуға зор үлес қосты. Білікті маман Қазақстанның жекпе-жек федерациясының негізін қалап, оның жетекшісі ретінде ауқымды істер атқарды. 

Сабыржан Махметов КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған. Сондай-ақ КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ СССР) үш дүркін абсолюттік чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып, КСРО мен Қазақстанда кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалады. Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, осыған дейін биіктікке секіруден Қазақстан рекордшысы өмірден өткенін жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.