Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында басталуы мүмкін - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында басталуы мүмкін - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан мен Түркия арасында келесі айдың соңында әуерейстер қайта жандануы мүмкін. Бұл мәселені ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қос тарап екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастықтың І тоқсанын қорытындылады. Теміржол көлігімен тасымал көлемі өткен жылдың салыстырғанда 10% артып, 239 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тонна болды. Транскаспий халықаралық көлік бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

Сонымен қатар, министрлер екі елде де эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының соңында әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады", - делінген ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан