Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының алғашқы айналымында Сағындық Тоғамбай жеңіске жетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ливерпульде бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.

Қазақстан құрамасының атынан 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай жергілікті боксшы Исаак Окодан айласын асырып, 3:2 есебімен жеңісті жолын бастады. Алғашқы раундта төрешілер ағылшын спортшысына басымдық бергенімен, қазақстандық боксшы қарқынын үдетіп, шешуші раундтарда қарсыласынан басым түсті.

Енді Тоғамбай 8 қыркүйек күні ирландиялық Джек Марлеймен күш сынасады.

Сондай-ақ 54 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Нигина Уктамоваға 0:5 есебімен жол берді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.