“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенті үміткерлеріне заң қандай талаптар қоятынын атады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:


  • ҚР азаматы болу;

  • Кейінгі 15 жылда ҚР аумағында тұруы;

  • Жоғары білімінің болуы;

  • Жасы 40-қа толған болуы;

  • Белсенді сайлау құқығының болуы;

  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.


"Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі", - дейді Петров.

Ол бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңге екенін түсіндірді. Сайлау жарнасы кандидатқа, егер ол лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың барлығынан кемінде 5 пайыз алса, қайтарылады.
Автор
Данияр