KZNews.kz
Спорт

Қазақстан Премьер-Лигасы күнтізбесінің жеребесі туралы ақпарат

Бауыржан

Қостанайда 11 ақпан күні Премьер-лига клубтары арасында 2019 жылғы маусымдағы Қазақстан Чемпионатының 1 және 2 айналым күнтізбесінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Шараға футбол клубтарының жетекшілері қатысады. Олар өз командаларына сан таңдайды. Сол сан арқылы ойын кестесі құрылады.

Жеребе тарту рәсімінің басты деректері:

- 1 және 2 айналымның ойындары сандық түрде құрылған (22 тур)

Бірінші турдың ойындарының үлгісі:

1 – 2, 4 – 3, 6 – 5, 8 – 7, 10 – 9, 12 – 11.

 - Жеребе тарту рәсімінде командалар үш топқа бөлінеді: 1 топ («Астана»), 2 топ («Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар»), 3 топ («Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес», «Тараз»).

- Әр команданың өкілі саны бар шарды таңдайды. Команданың өкілдері 2018 жылғы маусымның спорттық қорытындысы бойынша шақырылады (Премьер-лига және Бірінші лига).

- Нөмірленген шарлар (1-12) үш себетке орналастырылады.

 - Алғашқы себетке «10» және «12» нөмірдегі шарлар салынады. Бұл 2019/2020 жылғы Чемпиондар Лигасының қатысушысы (ФК «Астана») мен 2019/2020 жылғы Еуропа Лигасының қатысушыларының (ФК «Кайрат», ФК «Тобол», ФК «Ордабасы») еурокубоктық іріктеу кезеңінде (18-22 турлар) өзара ойын өткізубеу үшін жасалды.

- Екінші себетке «1», «4», «6», «8», «10»/«12» («Астананы» таңдағаннан кейін қалған сан) нөмірлері бар шарлар салынады. Бұл командалар екіншті топты өкілдері («Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар»). Олардың барлығы «Астанамен» бірге алғашқы турды өз алаңында өткізеді.

- Үшінші себетке «2», «3», «5», «7», «9», «11» сандары орналастырылады. Үшінші топтың өкілдері («Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес», «Тараз»). Бұл командалар чемпионатты сырт алаңда бастайды.


prosports.kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →