Қазақстан мобильді Интернеті арзан елдер ондығына кірді
31 желтоқсан, 2018
29 Желтоқсан 2018, 11:11 363 0
Фото: ашық дереккөзден
Астана, Baq.kz. Қазақстан мобильді Интернеті өте арзан 10 елдің қатарына кіріп, бұл тізімде төртінші болып орналасты.
2018 жылдың желтоқсан айындағы мәліметтерді жинақтаған Content Review ақпараты бойынша, Қазақстан мобильді Интернеті өте арзан он елдің тізімінде төртінші орында тұр.
Қолжетімді арзан Интернет бойынша тізімде біздің елдің алдында Румыния, Польша мен Үндістан тұр.
Мұнда 1 Гб үшін орташа баға 208 теңгені құрап отыр.