Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, жұма намазына қатысты шешім әлі қабылданбаған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан мешіттерінде намаз оқуға рұқсат етілді. Ал жұма намазына қатысты шешім әлі қабылданбады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мешіттерде таң, бесін, екінті намазы мен ақшам және құптан намазын санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жамағатпен оқуға рұқсат етілді", – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі.

Діни басқарма жұма намазын жамағатпен оқуға қатысты шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Ал мешіттердегі намаз кезінде жалпы аумақтың 30%-іне дейін толтыруына рұқсат етіледі.

Айта кетейік, діни мекемелердегі шектеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлі де өзгеруі мүмкін. Яғни, күшейтіледі немесе төмендетіледі.

Жалпы Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін мешіттердің қызметі 18 мамырдан бастап қайта жандануда. Бірақ алғашқы кезеңде тек жеке намаз оқу мен Құран оқуға және үйлену рәсімдеріне ғана рұқсат етілген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

19 мамырдан 20 мамырға қараған түні ел мұсылмандары Қадір түнін мешіттерде емес, әркім өз үйінде атап өтті. Сонымен қатар 24 мамыр күні мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айт мерекесі де үйде атап өтіліп, карантинге байланысты айт намазы жамағатпен оқылмады.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан