Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы өзінің тиімділігін дәлелдеді

Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы өзінің тиімділігін дәлелдеді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының форумы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өңіраралық ынтымақтастығы форумы мемлекетаралық тиімді алаң ретінде танытып, біздің елдердің саяси-экономикалық өзара іс-қимылының маңызды институты болды. Бұл формат посткеңестік кеңістікте модельге айналып, өткізілген форумдар аясында 200-ден астам шарттар мен келісімдерді қабылдадық. Аталған құжаттарды жүзеге асыру Қазақстан мен Ресейдің өңірлерін, жалпы экономика салаларын дамытуға елеулі серпін береді», - деп тоқталды Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында.

Осы орайда Елбасы өзге де көршілес елдер бұл тәжірибені өздеріне енгізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Бүгінде бізде экономиканың барлық бағыттарында ынтымақтастықтың нақты тізбегі құрылған. Біз ЕАЭО, ҰҚШҰ, БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында көпжақты форматта өзара іс-қимылды қалыптастырдық. Ресей Федерациясы стратегиялық одақтасымыз, маңызды сауда-экономикалық серіктесіміз болып отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Автор
Мадияр