KZNews.kz
Қоғам

Қазақстан халқының саны бір айда 21 436 адамға көбейді

KZNEWS

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлерінің үштігіне Алматы, Түркістан және Алматы облыстары енді, деп хабарлайды Kznews.kz. 

Ұлттық статистика бюросы 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұратынын хабарлады.


Елдегі ең көп қоныстанған 5 аймақтың қатарына мыналар кірді:


  • Алматы (2 253 502 адам);

  • Түркістан облысы (2 149 210 адам);

  • Алматы облысы (1 543 588 адам);

  • Астана (1 464 415 адам);

  • Шымкент (1 236 901 адам).


Миллиондаған халқы бар өңірлер тізіміне Жамбыл және Қарағанды облыстары да кіреді. Қазақстандықтардың басым бөлігі қала тұрғындары - 12 552 583 адам.

1 ай бұрын Қазақстанда халық саны 20 033 842 адам болған.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары