Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан футбол федерациясының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: Olympic.kz

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Федерация өкілдері маманның шешімін құрметпен қабылдап, оның ұлттық құрамадағы еңбегіне жоғары баға берді. ҚФФ мәліметінше, Талғат Байсуфинов жетекшілік еткен кезеңде команда соңғы жылдардағы ең нәтижелі көрсеткіштердің біріне қол жеткізген.

Атап айтқанда, оның басшылығымен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Бельгия құрамасымен тең түсіп, жанкүйерлерге жарқын ойын көрсетті. Сондай-ақ ұлттық құрама өз күшіне деген сенімділігін қалпына келтіріп, ФИФА рейтингіндегі позициясын жақсартқан.

«Талғат Маруаұлы ұлттық құрамаға жетекшілік еткен уақыт ішінде кәсібилігімен, жауапкершілігімен және футболға деген адалдығымен ерекшеленді. Оның Қазақстан футболының дамуына қосқан үлесі зор», – делінген федерация хабарламасында.

ҚФФ бапкерге атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар федерация ұлттық құраманың жаңа бапкерлер штабына қатысты шешімдер кейінірек жарияланатынын мәлімдеді. Ал команда алдағы ресми кездесулерге дайындық жұмыстарын жоспарға сәйкес жалғастырып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.