Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан елшісі мен ММУ ректоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан елшісі мен ММУ ректоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Тараптар бірқатар бірлескен жоба, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері туралы сөз қозғады 

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесті.

Тараптар бірқатар бірлескен жоба, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері туралы сөз қозғады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында 20 жыл ішінде мыңнан астам жоғары білікті мамандар дайындалды. Қазіргі уақытта филиалда студенттер "Математика", "Қолданбалы математика және информатика", "Филология", "Экология және табиғатты пайдалану", "Экономика" факультеттерінде бакалавриат және магистратура бағдарламаларында оқиды.

Екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында жыл сайын Қазақстан мен Ресей ректорларының форумын өткізу туралы ұсыныс жасалды.

Кездесу барысында Ермек Көшербаев Виктор Садовничийді осы жылы аталып өтетін ММУ-дің 265 жылдығымен құттықтады.


sputniknews.kz
Автор
Данияр