Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан биыл 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды – министр

Қазақстан биыл 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды – министр

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында 9 айда елдегі кәсіпорындар 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды деген мәлімет айтты.



«2028 жылға қарай отандық машина жасау өнімдерінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Өз кезегінде машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібінің 20 пайыз үлесін алады. Саладағы 4 мыңға жуық компанияда 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді», - деді министр.


Айтуынша, жыл басынан бері салаға 124 млрд теңге инвестиция жұмсалған.

«Осы жылдың 9 айында шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылып, оның өсімі екі есе болды. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеге жетті.
9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды», - деді Қанат Шарлапаев.

Автор
Айбар