Қазақстан азаматтары Израильге болашақта визасыз бара алуы ықтимал. Екі ел қазір визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы СІМ өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөз бар, бірақ визасыз режимнің нақты қашан енгізілетіні және қандай шарттармен жүзеге асатыны әзірге белгісіз.
Қызығы, Израиль азаматтарына Қазақстанға келу үшін қазірдің өзінде виза қажет емес. Олар елімізде бір сапарда 30 күнге дейін визасыз жүре алады.
Енді Қазақстан азаматтарына да осындай мүмкіндік беріле ме? Келіссөз нәтижесін күтеміз.