Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Нетаньяху өлді" деген ақпарат тарады: Израиль шұғыл мәлімдеме жасады

"Нетаньяху өлді" деген ақпарат тарады: Израиль шұғыл мәлімдеме жасады
Nathan Howard / POOL / AFP via Getty Images. Суретте: Биньямин Нетаньяху

Израиль премьер-министрінің кеңсесі әлеуметтік желілерде тараған Биньямин Нетаньяхудың қаза тапқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Түркияның Anadolu агенттігіне берген түсініктемеде бұл хабарламалардың "жалған ақпарат" екені айтылып, премьер-министрдің жағдайы қалыпты екені хабарланған.

Deccan Chronicle басылымының мәліметінше, Нетаньяху туралы қауесет Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуімен қатар тарай бастаған. Әсіресе АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққыларынан кейін әлеуметтік желілерде түрлі расталмаған ақпараттар көбейген. Кейбір жазбаларда Израиль үкімет басшысы өлтірілді немесе із-түзсіз жоғалып кетті деген болжамдар жарияланған.

Бұл әңгімелер 13 наурыз күні Нетаньяхудың X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видеоүндеуінен кейін тіпті күшейе түсті. Кейбір қолданушылар видеодан алынған кадрлардың бірінде премьер-министрдің оң қолында алты саусақ бар сияқты көрінетінін айтып, бұл бейне жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін деген пікір таратқан.

Алайда мамандар мұндай әсер видеодағы сәтсіз түсірілген кадр немесе визуалдық бұрмаланудың нәтижесі болуы ықтимал екенін айтады. Сондықтан бұл жағдай бейненің жасанды интеллект арқылы жасалғанын дәлелдей алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Нетаньяхудың тағдыры белгісіз екенін мәлімдеп, оның «қаза тапқан болуы немесе отбасымен бірге оккупацияланған аумақтардан кетіп қалған болуы мүмкін» деген болжам айтқан еді. Алайда Израиль билігі бұл ақпараттарды жоққа шығарып, премьер-министрдің аман екенін мәлімдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер