Тұрғын үй және ақшалай сертификат: Алматыда Олимпиада қатысушылары қалай марапатталды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркия АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылына қатысты мәлімдеме жасады

Түркия АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзі

Түркия президенті әкімшілігі Анкара АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын қолдады деген мәліметті жоққа шығарды. Ресми мәлімдемеде Түркия өзіне қатысы жоқ қақтығыстарға араласпайтыны және ешбір елдің мүддесі үшін әскери инфрақұрылымын пайдалануға бермейтіні айтылған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл ұстанымды Түркия президенті әкімшілігі жанындағы Коммуникациялар басқармасының Дезинформациямен күрес орталығы таратқан. Онда әлеуметтік желіде жүрген ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылған.

«Әлеуметтік желілердің кейбірінде тараған Түркия Иранға жасалған соңғы шабуылдарды қолдады деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және жалған ақпарат таратуға жатады», – делінген хабарламада.

Орталық мәліметінше, Түркия ешбір тараптың жедел мақсаттарына бола өз әуе, құрлық және теңіз күштерін, соның ішінде әуе кеңістігін пайдалануға ұсынбайды. Бұл – елдің сыртқы саясатындағы және қауіпсіздік саласындағы негізгі қағидаттардың бірі.

Сондай-ақ ресми Анкара Түркияның әуе, құрлық және теңіз кеңістігіне қатысты егемен құқығы толық әрі даусыз екенін жеткізді. Бұл бағыттағы кез келген шешім тек ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай және құзырлы органдардың бақылауымен қабылданатыны көрсетілген.

Түркия билігі жұртшылықты алыпқашпа әңгімелерге ермеуге, тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырды.

Айта кетейік, 28 ақпан, сенбі күні АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, оның ішінде Тегеранға соққы жасай бастағаны хабарланды. Ал Иран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына зымыранмен соққы жасаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер