Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды kznews.kz.
"Астана Арена" стадионында қазақ қыздары Армения құрамасымен С лигасының алтыншы тобында 1 тур ойынын өткізді. Біздің футболшы қыздарымен жауапсыз 3 гол соғып, алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді.
Енді 7 наурыз күні Қазақстан құрамасы Астанада Беларусь футболшы қыздарымен кездеседі. Кейінгі 2 ойын сырт алаңда өтеді.
Қазақстан – Армения 3:0
Гол салғандар: Александра Бурова (35), Анелья Мамырова (76), Бибігүл Нұрышева (79)