Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан - 2030: әлем және ел экономикасы қалай өзгереді?

Қазақстан - 2030: әлем және ел экономикасы қалай өзгереді?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Халықаралық валюта қоры дүниежүзі елдерінің 2030 жылға дейінгі дамуына қатысты зерттеуін жариялады. Бұл болжамдар әлемдік экономиканың алдағы бірнеше жылдағы арақатынасында түбегейлі өзгеріс болмайтынын көрсетеді. 

Жалпы, 2030 жылы АҚШ 37,7 трлн доллар көрсеткішімен әлемдегі ең ірі экономика болып қала береді. Ал Қытай 26 трлн доллар көрсеткішпен екінші орында, Германия 6,2 трлн доллар көлемімен үшінші орында болады-мыс.

Алайда, әлемдік экономиканың негізгі өсім нүктесі біртіндеп Азияға қарай ығыса береді. 2030 жылға қарай Азия мен Таяу Шығыстың жиынтық экономикасы 55,7 трлн долларға жетіп, әлемдік экономиканың үштен бірінен астамын құрамақ. Қытай мен Үндістаннан кейінгі ірі экономикалар қатарында Жапония 5 трлн доллар, Оңтүстік Корея 2,3 трлн доллар және Индонезия 2,1 трлн доллар деңгейіне жетеді.

Еуропаның әлемдік экономикадағы үлесі шамамен бестен бір болады. Еуропа одағы елдерінің жиынтық номиналды Жалпы ішкі өнімі 26,5 трлн доллар деңгейіне жетеді. Оның ішінде Германия 6,2 трлн доллар, Франция 4 трлн доллар, Италия 3 трлн доллар көрсеткішке ие болады. ЕО құрамына кірмейтін Ұлыбританияның экономикасы 5,1 трлн доллар, Ресей экономикасы 2,6 трлн доллар шамасында болады деп болжануда.

Ал осы жаһандық картинада Қазақстанның көрсеткіші салыстырмалы түрде шағын болғанымен, ел экономикасының көлемі айтарлықтай өседі. ХВҚ болжамына сәйкес, Қазақстанның ЖІӨ көлемі 2027 жылы 385,97 млрд доллар, 2028 жылы 410,77 млрд доллар, 2029 жылы 439,14 млрд доллар және 2030 жылы 468,83 млрд доллар болады. Ал 2031 жылы экономика көлемі 501,68 млрд долларға жетіп, яғни, жарты триллион долларлық межеден асады.

Демек, 2027–2031 жылдары Қазақстан экономикасының номиналды көлемі 115,71 млрд долларға ұлғаяды. Бұл шамамен 30 пайыздық өсім болмақ 

Егер болжам жүзеге асса, Қазақстан 2030 жылы әлемдегі ірі экономикаға ие елдердің тізімінде 45-ші болып кіреді. Бұл ел экономикасының жаһандық рейтингтегі орнын сақтап қана қоймай, экономикалық көлемін біртіндеп арттыратынын көрсетеді.

Бірақ, мұнда бір маңызды мәселе бар екен.501,68 млрд доллар деген көрсеткіш нақты экономикалық өсіммен тең емес. Өйткені, сөз доллармен есептелген номиналды ЖІӨ туралы болып отыр. Оған ішкі өндірістің өсуімен бірге инфляция мен ұлттық валютаның бағамы да әсер етеді.

Сондықтан Қазақстан үшін басты мәселе 2031 жылы 500 млрд долларға жету ғана емес, осы көлемді қандай экономикалық модель арқылы қамтамасыз ету болуға тиіс.

Сондай-ақ, әлемдік экономикада Азияның салмағы артып келе жатқан жағдайда Қазақстанның географиялық орналасуы елге қосымша мүмкіндік береді. 55,7 трлн доллар болатын Азия мен Таяу Шығыс нарығы Қазақстан үшін сауда, транзит, энергетика және азық-түлік экспорты бағыттарында жаңа мүмкіндіктер аша алады.

Яғни, алдағы бес жылдағы негізгі мәселе Қазақстанның экономикасы 386 млрд доллардан 502 млрд долларға дейін қаншалықты жылдам өсетіні қарап тұрған жоқ. Яғни, осы өсімнің қаншасы шикізат пен баға факторларына, ал қаншасы өндіріс, инвестиция, еңбек өнімділігі және жаңа экспорттық секторларға байланысты болатыны біз үшін маңызды болса керек...

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.