Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша Тақпақтар жинағы: Атама арнау

Қазақша Тақпақтар жинағы: Атама арнау

Қазақша Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Атама арнау

***

Асқар таудай тұлғасы
Ақ сақалды қария
Ата сөзі жыр басы
Айтқан сөзі дәрия

***

Аяулы да ардақты атам менің,

«Бақытты бол, ер жет» - деп бата бердің.

Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,

Әрдайым ортамызда жүре бергін.

***

Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Атам менің әманда кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Автор
Санжар